ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫ АЙЛЫҒЫ

 Қызылжар өңірінде әсіресе өкпе және сүт безі қатерлі ісігі кең таралған.

Осыған орай сүт безінің дертін  ерте бастан анықтау мақсатында  облыстық онкологиялық диспансерде әйел денсаулығы айлығы басталды.  Қазан айының әр сенбісі күні маммолог-онколог маманның қабылдауында болып, тегін тексерілуге болады. Облыс бойынша жыл сайын 200-ден астам әйел сүт безінің қатерлі ісігі бойынша есепке алынады екен. Мамандардың айтуынша, ерте бастан анықтау  дертпен күресті жеңілдетеді. Статистикалық деректер бірінші стадиядағы қатерлі ісіктен толық айығып кетуге болатынын көрсетіп отыр.  Сондықтан уақтылы тексеріліп, ауруды асқындырып алмаудың маңызы зор.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика