АЛҒАШҚЫ САУДА ҮЙІ

«БАСТАУ» жобасы бойынша білім алған апалы-сіңлілі Анастасия Тубис и Дарья Каргаполова Смирнов поселкесінде алғашқы сауда үйін ашты.

Арнайы курста кәсіпкерлік негіздерін үйренген олар алдымен өз бизнес-жобаларын сәтті қорғап, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алуға қол жеткізген. Сөйтіп, 12 млн теңгеге ғимарат жөнделіп, жабдықтар, товар сатып алынған. Енді тұрмыстық химия өнімдері мен киім-кешекті жергілікті тұрғындар бұрынғыдай алыстан іздемей, жаңа сауда үйінен таба алатын болды.

Бүгінгі күні 130-дан астам аққайыңдық тұрғын «Бастау» жобасы бойынша білім алып шыққан екен. Олардың 24-і жеңілдетілген несие алып, өз істерін ашып жатқан көрінеді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика