ЖІГЕРЛІ ЖАНДАР

Қалалық Мәдениет үйінде “Ардос-Жүрек” мүгедектер қоғамы” заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен “Шексіз өнер” облыстық фестивалі өтті. Шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілетін дамыту.

– Фестивальға кез келген жастағы азаматтар қатыса алды. Бүлдіршіндер мен ересектер, тіпті, 70 жастағы қариялар да бар. Алайда, өнерлері жас ерекшелігіне байланысты жеке бағаланды. Бұл шара оларды шығармашылықпен айналысуға жетелеуге бағытталған, – дейді “Ардос-Жүрек” мүгедектер қоғамы” заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім.

Шараға өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған екі жүзге жуық мүмкіндігі шектеулі өнерпаз қатысты. Олар өлең оқып, ән айтып, би билеп, музыкалық аспаптарда ойнап, көрермендердің назарына қолөнер туындылары мен көркем суреттерін ұсынды.

Талантты өрендер сахнаға ерекше костюмдермен шығып, қызықты бағдарламалар көрсетті. Олардың толқыныстарын жеңіп, жақсы өнер көрсетулеріне, ең алдымен, ата-аналары, одан кейін “Солнечный дом” қорының өкілдері көмектесті.

Қатысушы өрендердің бірі – №13 орта мектептің оқушысы Валерия Завгородная. Жігерлі қыз орыстың белгілі ақыны Евгений Евтушенконың өлеңдерін оқығанды жақсы көреді, ән айтып, би билеуге де жаны құмар. Фестивальда ол “Людей не интересных в мире нет” атты өлең оқып берді.

Фестиваль жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Маржан АҒЫБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика