ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен өткен “Терроризм және интернет” тақырыбындағы кездесудің мақсаты – бүгінгі қоғамдағы келеңсіздіктердің алдын алу.

Аталмыш шараға жоғары оқу орнының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Сабыр Ибраев, философия ғылымдарының профессоры Сәуле Сүлейменова, әлеуметтік зерттеулер бөлімінің сарапшысы Гүлмира Бейсенбина, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мүшелері Олег Синяков пен Данияр Айтмағанбет қатысты.

Бүгінгі қоғам өкілдерінің, әсіресе, жастардың күн ұзақ интернеттен бас көтермейтіні ақиқат. Ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда интернет пайдаланушыларға тосқауыл қоя алмайтынымыз анық. Бірақ ғаламторды дұрыс пайдаланып, ондағы арандатушылардың тұзағына түсіп қалмаудың маңызы зор. Соңғы жылдары интернетте теріс пиғылды сайттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен.

– Интернетте жастарды терроризмге үгіттеген жағдайлар кездесіп қалып жатады. Олар әлеуметтік желі арқылы жастармен танысып, сеніміне кіргеннен кейін дін жайлы әңгіме қозғайды. Сөйтіп, олардың санасын улап, теріс жолға итермелейді, – дейді әлеуметтік зерттеулер бөлімінің сарапшысы Гүлмира Бейсенбина.

Кездесуге қатысушылар атап өткендей, желі қолданушылары өздері жайлы толық мәліметтерді жариялауға әуес. Ал бұл террористік топтар үшін табылмас мүмкіндік. Сондықтан студенттер осы жағын да ескергені жөн.

Студенттерге деректі фильм ұсынылып, аңғалдық пен жат ағым жетегінде жүргендердің суреттерін өз парақшаларында жарнамалағандар жайлы айтылды. Дәстүрлі емес дінді қолдағандар заңмен жазаланған.

Кездесу соңында студенттерге терроризмнің зардабы жайлы кітаптар таратылды.

Алина НУРТАЗИНА,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенті.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика