АУҚЫМДЫ КӨРМЕ АШЫЛАДЫ

Ертең Петропавлдағы Теннис орталығында туристік көрме өз жұмысын бастайды.

Көрме Қазақстан және Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында өтеді. Оған екі елдің туризм бағытында жұмыс істейтін 40-тан астам компаниясы қатысып, өз өңірлерінің көрікті орындарымен таныстырады. Форум қонақтарына Қазақ елінің  ең көрікті, туризм үшін барынша тартымды 10 аймағы туралы мәліметтер беріледі. Оның ішінде Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағы да бар. Көрме бірнеше күн жұмыс істейді.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика