БАЙЛАНЫССЫЗ ҚАЛА ЖАЗДАДЫ

Тәртіп сақшылары қырыққа жуық ауылды ұялы байланыссыз қалдыра жаздаған екі петропавлдықты ұстады.

Мамлют ауданының ішкі істер бөліміне Воскресеновка ауылындағы ұялы байланыс станциясынан апаттық жағдайда қуат беретін сегіз аккумулятор ұрланғаны жөнінде шағым келіп түсті. Жарты миллион теңгеге жуық шығын келтірген ұрлықтың салдарынан Мамлют, Жамбыл және Есіл аудандарындағы 40-қа жуық ауыл ұялы байланыссыз қала жаздаған. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер куәгерлерді сұрастырып, бейнебақылау камераларын тексеру арқылы Петропавл қаласының 1992 және 1989 жылдары туған тұрғындарын ұстады.

Қылмысын мойындаған олар ұрлаған заттарды Петропавл қаласындағы қабылдау пункттерінің біріне тапсырған екен. Күдіктілердің бірі бұған дейін Қызылжар ауданының Элитное ауылында ұрлық жасағандарын айтты. Бұрын ұялы байланыс саласында жұмыс істеген ол алдымен дабыл қаққышты ажыратқан. Досы екеуі құлыпты бұзып, сегіз аккумулятор алыпты. Мұндай бассыздықтары үшін енді олар бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.