ЗАҢСЫЗ ШАЯН АУЛАҒАН

Рейдтік іс-шаралар барысында Уәлиханов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қорықшылармен бірлесіп су жәндіктерін заңсыз аулау фактісін анықтады.

“Кішкенекөл – Көктерек” бағытындағы жолда Павлодар облысының 48 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан соңында тіркемесі бар “КамАЗ” автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушінің айтуынша, одан бейтаныс біреулер Кішкенекөл ауылынан Павлодар облысына жүк жеткізіп беруін сұраған. Жүк көлігіне тиелген қаптарда артемия шаяндары (тұзды көлдерде мекендейтін ұсақ шаян, биологиялық белсенді қоспа мен косметикалық заттар әзірлеуде қолданылады) бар екені анықталды. Тиелген жүктің жалпы салмағы жиырма төрт тоннаны құрады. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Руслан Әлжановтың айтуынша, аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 335-бабының 4-тармағы “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады.

Ал жыл басынан бері облыс полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға байланысты жеті жүзге тарта фактіні анықтады. Негізінен заңсыз аңшылық жасап, балық аулап, ағаштарды кескендер ұсталды. Заңсыз аңшылық жасағаны үшін 327 заң бұзушы жауапкершілікке тартылды. Балықты заңсыз аулау және балық аулау ережелерін бұзғандар мен ағаштарды заңсыз кескендер де жауапқа тартылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.