АЛДЫН АЛА АЛМАДЫ

Петропавл қаласында орын алған жол-көлік оқиғасынан 69 жастағы азамат жарақат алып, 44 жастағы әйел апат орнында қайтыс болды.

Жүргізушінің айтуынша, ол Гастелло көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілерді байқамай қалған. Тежеуішті басқанымен, жол апатының алдын ала алмады. Жүргізушінің алкогольді ішімдік пайдаланбағаны медициналық куәландыру кезінде белгілі болды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлімі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша оқиғаның барлық себептері анықталуда.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.