АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕГЕНДЕРГЕ ЖАЗА АУЫР

Кейбір тұрғындардың енжарлығына таңғаласың. Заңды бұзғаны үшін айыппұл төлеуі тиіс болса да, мойнындағы қарызы өздігінен өтелетіндей алаңсыз жүретіндер бар.

Мамлют аудандық прокуратурасы жеке тұлғалардың өкілетті органдар салған әкімшілік айыппұлдарды өтеуіне сараптама жүргізіп, әр екінші құқық бұзушы заңмен міндеттелген жауапкершілікті орындаудан жалтаратынын анықтады. Олардың бұлайша еркінсуіне айыппұлды уақытында төлетудің тиімді тетігінің және заңды талапты орындамағаны үшін ешқандай жауапкершіліктің қарастырылмауы себеп болып отыр. Осылайша, айыбының салмағын сезінбегендер одан да ауыр құқық бұзушылықтарға барған көрінеді. Осыған көз жеткізген аудандық прокуратура айыппұл төлемей жүргендерді қоғамдық жұмысқа тарту жөнінде бастама көтерген еді. Нәтижесінде, өткен үш ай ішінде бірлескен жұмыстың арқасында айыппұлдарды өндіру көлемі 80 пайызға артты. 29 борышкер қоғамдық жұмысқа тартылар сәтте ғана жалпы көлемі 900 мың теңгеден астам қарыздарын өтеген. Ал айыппұлды төлеуге расымен де мүмкіндігі жоқ 25 адам тұрақты және маусымдық жұмысқа орналастырылды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.