ҰСЫНЫМДАР ОРЫНДАЛМАҒАН

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының тиімділігін талқылап, тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатында республиканың әр өңірінде арнайы мониторингтік топтар құрылған болатын. Кеше облыстық мәслихатта өңіріміздегі арнайы топтың жұмысы қорытындыланды.

Мониторингтік топтың биылғы жұмысы жайлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңіріміздегі департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Серік Айдарбеков баяндады. “Жыл басынан бері он бір отырыс өтсе, соның алтауы аудандарда болды. Онда халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты 21 мәселе қаралып, бірқатар ұсынымдар әзірленді, – деген Серік Оразбекұлы келесі жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жоспарларымен бөлісті.

Қараша айында Мамлют және Аққайың аудандарының мемлекеттік органдарын аралаған арнайы топ бірқатар ұсынымдар әзірленген болатын. Мамлют ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Аида Мушарапова олардың біразының орындалғанын, ал кейбіреуі қаржыны талап ететіндіктен, келесі жылға қалдырылғанын айтты. Осылайша, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің сырмен боялған тайғанақ кіреберісіне әзірге кілемше төсепті. Мониторингтік топ мүшелері бір айдан астам уақыт ішінде бұған шара қолданбағандарына наразылық танытты. Ал Аққайың ауданы мемлекеттік органдарына берілген ұсынымдар ақпараттық стендтердің дұрыс ілінбеуіне, арыз-шағым жәшіктерінің орналасуына және қызметкерлерінің әдептілігіне қатысты болды. Аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Марат Нұрсайытов барлық ұсынымдар бойынша қажетті шаралар қолданылғанын жеткізді.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.