ІЗШІЛ ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІ ЗОР

Ауылдық жерде жиі кездесетін қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Ал қылмыстың ізін суытпай, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізуде қызметтік иттердің көмегі зор. Осы ретте Мамлют ауданында кинологтер мен криминалистер алғаш рет семинар-тренинг өткізді.

Шараға облыстық полиция ведомствосының басшылығы мен жеке құрамы, Мамлют ауданының әкімі Ерболат Бекшенов, депутаттар мен ведомство жанындағы консультативтік-кеңестік орган өкілдері қатысты. Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов мүліктік қылмыстардың ашылу сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Семинардың оқыту бөлігінен кейін қатысушылар тәжірибе алмасты. Осылайша, Жамбыл аудандық ішкі істер бөліміндегі Ройс, тимирязевтік Рэм және Мамлют ауданындағы Цезарь тұқымды неміс овчаркалары жоғалған жылқыны табуға көмектесті. Ақылды иттер бұл тапсырманы ойдағыдай орындады.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ізшіл иттердің көмегіне 2440-тан астам рет жүгініп, шамамен 840 қылмыстың бетін ашқан.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика