КҮДІКТІ ҚАМАУДА

Құқық қорғаушылардың назарына іліккен петропавлдық жас келіншектен героин тәркіленді.

Евней Букетов көшесінің бойында ұсталған күдіктіден 12 грамнан артық есірткі тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, мұндай мөлшердегі есірткі ондаған адамды нашақорлыққа тәуелді етуге жетеді. Бүгінгі күні тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде, ал күдікті қамауда отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2017 жылы облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 332 құқық бұзушылық анықталған. Оның 126-сы ауыр және аса ауыр қылмыстар болса, 34-і – сатуға қатысты фактілер. Бұл үшін 250 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 450 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.