ҰРЛЫҚ ҮСТІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Қызылжар ауданының 22 жастағы тұрғыны бұрын өзі жұмыс істеген дүкенді тонау арқылы жұмыс берушісінен өш алмақ болған. Алайда, кекшіл жігіттің ойлағаны жүзеге аспай, ұрлық үстінде қолға түсті. Дүкенге терезе арқылы кірген ол бақылау камераларының қай жерде тұрғанын өте жақсы білсе де, құрылғылардың біріне бәрібір түсіп қалған. Оны байқаған күзетші тәртіп сақшыларына хабарлайды, 4 минуттың ішінде келген полицейлер кассадан 107 мың теңге ақшаны алып жатқан жігітті құрықтады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.