ТҮРКИЯДАН ТАБЫЛДЫ

Облысымыздың тәртіп сақшылары соңғы екі-үш жылда із-түзсіз жоғалған 49 адамды іздестіріп жатыр. Ал жыл басынан бері жақындарынан хабар ала алмаған 10 азамат полицияға арыз берген. Соның екеуі іздестірілуде, ал қалғандарының мекенжайы анықталды.

Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климовтың айтуынша, жоғалғандардың дені – спирттік ішімдікке үйірлер және қаңғыбастар. Тәжірибе көрсеткеніндей, психикалық ауытқуы бар, есінен айырылған егде жастағы адамдар да жиі жоғалады.

Сонымен қатар жақындарына хабарласып, амандығын білдіруге құлықсыз немесе қоңырауға жауап бермейтіндер де аз емес. Мәселен, әпкесінің екі жасар баласын алып, достарымен қыдыруға барған бойжеткен бұл қылығын түсіндіре алмады. Тағы бір жас қыз ата-анасына ескертпестен Түркияға демалуға кетіп қалған. Уайымға салынған жақындары полицияға жүгінген. Ал Мамлют ауданының тұрғыны Жаңа жыл мерекесіне дейін Петропавл қаласына кеткен 21 жастағы қызынан хабар ала алмағанын айтып шағымданған. Жоғалған қыз үйіне қайтып келді. Ол Астанаға тартып кеткен екен.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.  

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.