БЕС КӨЛІКТІ СОҚТЫ

Облыс орталығының “Ударник” клубының маңында түнде рөлге ие бола алмай қалған “Тойота Камри” автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған бес көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні анықтап, көлігін айыппұл тұрағына қойған тергеушілер істі сотқа жіберді.

Бақтияр Рамазанов оқиға болған күні сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүргеніне, жаяу жүргіншілерге кесірі тимес үшін рөлді көліктер жаққа әдейі бұрғанына сотты сендіргісі келді. Ал оқиға орнынан жасырынғанын басын жарақаттап алып, соны көрсетуге ауруханаға кеткенімен түсіндірді. Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Кейін белгілі болғандай, ол 2014 жылы 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған екен. Яғни, бұл жолы рөлге заңсыз отырған. Оның сол күні ішімдік ішкенін көрген куәгерлер де табылды. Бірақ қан құрамы екінші күні бірақ тексерілген. Сондықтан сараптамада алкоголь анықталмаған.

Кәмелеттік жасқа толмаған баласы мен мүгедек әкесі барын ескерген судья оқиға орнынан қашып кеткені үшін Б.Рамазановқа 240 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Келесі отырыста “Ауди 80”, “Мерседес”, “Фольксваген Тигуан”, “Тойота Прадо”, “Хюндай Элантра” көліктеріне келтірген материалдық шығын көлемі анықталатын болады.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.