ТЕСТІЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

– Мемлекеттік қызметке тұру үшін тестілеуден өтудің қысқаша тәртібі қандай? Ол неше кезеңнен тұрады?

Абзал ШЕГЕБАЕВ,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Оқырманның сауалына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аида Ахметова жауап береді.

– Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің ман­саптық жоғарылауы тек қана конкурс арқылы жүргізіледі. Бірінші кезеңде үміткерлер заңнаманы және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін көрсетеді. Тестілеуге жеке куәлік арқылы “Электронды үкімет” веб-порталы немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясында тіркелуге болады. “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне бірінші рет немесе қайтадан тапсыратындар үшін тестілеудің үш бағдарламасы қарастырылған. Мемлекеттік органдардың басшылары мен орынбасарлары лауазымына үміткерлерге арналған бағдарлама 10 заңнаманы қамтиды. Олар 145 сұрақтың кем дегенде 102-сіне дұрыс жауап беруі тиіс. Облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы, аумақтық органдардың маманына, аудандық мемлекеттік органдардың бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің бастығына тапсыратындар 9 заңнама бойынша құрылған 130 сұрақтың 78-іне дұрыс жауап беруі керек. Ал аудандық, ауылдық жергілікті атқарушы органдардың маманы лауазымына орналасқысы келетін азаматтарға 7 заңды қамти отыра, 100 сұрақтан құрылған бағдарлама беріледі. Оның 50 сұрағына дұрыс жауап берсе жеткілікті. Тестілеуден жақсы нәтиже көрсеткен үміткерлерге сертификат табысталып, ол бір жыл ішінде жарамды болады. Ал тиісті ұпай алмағандар бір айдан кейін ғана қайтадан бағын сынай алады.

Тестілеудің келесі кезеңі үміткерлердің жеке қасиеттері мен базалық біліктілігін айқындайды. Одан алған анықтама бір жыл бойы жарамды.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.