ҚОҚЫС ТӨГІП, ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Черкасское ауылында “ГАЗ-53” жүк машинасының жүргізушісі елді мекенге кірер жолдың маңына қоқыс төккен.

Белгілі болғандай, Қиялы ауылының 26 жасар тұрғыны отынға бара жатып, кіреберістегі грейдердің жиегіне құрылыс қоқысын төгіп кеткен. Бұл факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімі бойынша заң бұзушы бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жыл басынан облыс аумағында абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты 770 факті тіркелсе, соның 24-і Аққайың ауданында орын алған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика