ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ “ТАЙСОН”

Петропавл қаласының әкімшілік соты төбелес кезінде қарсыласының құлағын тістеп алған ер адамға қатысты істі қарады. Айыпталушыны алдымен қылмыстық іске тарту көзделгенімен, сотқа дейінгі тергеу барысында сарапшылар зардап шегушінің денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілмегенін анықтауының арқасында материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Айыпталушы зардап шегушіге дене жарақаттарын келтіргенін, атап айтқанда, оң құлақ қалқанының ұшын тістеп алып, маңдайын жарғанын мойындады. Бұл оқиға өткен жылдың желтоқсанында “Basilik” дәмханасының маңында орын алған болатын. Жәбірленуші татуласудан бас тартты. Сот айыпталушы оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деп шешті. Ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-тармағына сәйкес жауапқа тартылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.