ҚЫМБАТ НӨМІРГЕ ҚЫЗЫҒАТЫНДАР КӨП

Биыл облысымыздың сегіз тұрғыны көліктеріне жалпы құны 3 миллион теңге болатын қымбат нөмір сатып алды.

Соның төртеуінде тұрғындар “ХХХ”, “ТТТ” серияларын және өз аты-жөнінің бас әріптерін қойғанды жөн санаған. Облыстық ішкі істер департаменті тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің бастығы Сергей Гизбрехт жүргізушілердің “015” нөмірін көп сұрайтындарын айтады. “Бірақ бұл нөмір сұраныс жоғары нөмірлердің тізіміне кірмейді, сондықтан оған тапсырыс беруге болмайды. Тек біркелкі әріп таңдау жағынан, айталық, егер автомобиль иесі “015 ТТТ 15” нөміріне тапсырыс берсе, ешқандай қиындық туындамайды”, – дейді Сергей Гизбрехт.

100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлеріне қол жеткізу үшін автомобиль иесі 137 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 329 485 теңге төлейді. Осы нөмірлерді біркелкі әріп белгілерімен бірге сатып аламын дейтіндер 194 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлеуі қажет. 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлеріне 548 мың теңгеден жоғары, ал оны біркелкі әріптермен бірге алу үшін 685 мың теңгеден астам қаржы жұмсауға тура келеді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.