ШЕКТЕН ШЫҚҚАНДАРҒА ШАРА ҚАТАҢ

Бұрын істі болғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққандар, “ащы суға” әуес адамдар және отбасында әңгіртаяқ ойнататын жанжалқойлар – осы санаттағы 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық бес күн бойы тәртіп сақшыларының жіті назарында болды.

Сотпен әкімшілік қадағалауға алынғандар да полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Бұрын аса ауыр қылмыс жасаған, түрмеден босап шыққан соң әкімшілік құқық бұзушылыққа барған 20 адам есепте тұр. Бақылаудағылардың үш жүзге жуығы шартты түрде мерзімінен бұрын босағандар болса, төрт жүзден астамы – жақында жазаларын толық өтеп шыққандар. Араларында қойылған шектеулерді бұзғандар да жетерлік. Кешкі сағат оннан кешікпей үйде болу, көңіл көтеру орындарына бармау, елді мекендердің аумағынан шықпау сияқты шектеулерді қасақана бұзғандарға қатысты қосымша шаралар қолданылатын болды. Мәселен, бір жыл ішінде заңды бірнеше рет белден басқан Уәлиханов ауданының тұрғыны қайтадан түрмеге тоғытылмақ. Жыл басынан бері мұндай шаралар істі болған 5 азаматқа қолданылды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика