КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАДЫ

“Жас Отан” жастар қанатының өңірлік филиалы мен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыты – жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін тамамдаған жетім балаларды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік және бизнес-құрылымдарды жұмылдыру. Осы мақсатта жұмыс берушілермен, жергілікті уәкілетті органдармен және “Жас Отан” жастар қанаты филиалымен келісімдер мен меморандумдар жасалуда. Меморандумға қол қойған ұйымдар сотталғандарды әлеуметтендіру, жазасын өтеп шығатындарға және пробация қызметінде тіркеуде тұрған азаматтарға медициналық және психологиялық көмек көрсету, білім беру, кәсіп меңгерту (кәсіби дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, заңнамада белгіленген жеңілдіктерді алу мәселелері жөнінде әлеуметтік-құқықтық көмек беруде бірлесіп жұмыс істемек.

Алексей КОКЛЕМИН,

облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы, әділет майоры.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика