БІРЛЕСІП КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама аясындағы жұмысты ұйымдастыруда “Нұр Отан” партиясының Ақжар аудандық филиалы партия мүшелерінің Әдеп кодексін, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын, партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің ережесін басшылыққа алады. Бұл нормативтік актілер барлық бастауыш партия ұйымдары мен аумақтық филиалдың партиялық топтарында қарастырылған.

Халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру мақсатында партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларын ақпараттық қолдау мен түсіндіру жұмыстары жолға қойылды. Ақжар аудандық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның құрамына партияның жеті мүшесі кіреді. Жоспарға сәйкес, былтырғы бес жұмыс отырысының біреуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау кеңесінің қатысуымен өтіп, он үш мәселе қаралды. Осы шаралардың қорытындысы бойынша, партияға мүшелік жарнасын уақытылы төлеуге, ауыл шаруашылығы, халықты жұмыспен қамту, жер қатынастары салаларында және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөліп беруде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, партияның имиджін көтеру және бастауыш партия ұйымдарының жұмысын ұйымдастыруға қатысты ұсынымдар әзірленді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау кеңесінің мүшелері 8 рейдтік тексеріс, 6 дәріс, семинарлар мен “дөңгелек үстелдер” ұйымдастырып, азаматтарды қабылдауға қатысты 18 іс-шара өткізді, соның үшеуінде ауылдық округтерге барып, тұрғындарды қабылдады. Тұрғындарды жеке қабылдаудың кестесі ай сайын аудандық газеттер мен әлеуметтік желідегі жаңалықтар парақшасында жарияланады. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік сақтандыру, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, “Ардагерлерді ардақтайық”, “Кедергісіз келешек”, “Әділет кеңес береді”, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламаларының аясында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелеріне қатысты азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру мақсатында Ақжар ауданында облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілген шаралар жоспары іске асырылуда. Жоспарға сәйкес, “Ақбұлақ” бағдарламасын жүзеге асыру, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, жұмыссыз азаматтар санын азайтып, олардың еңбекпен қамтылуына ықпал ету мәселелерін партияның аудандық филиалы өз бақылауына алды. Филиал қызметкерлері ауданның ішкі істер бөлімдерімен бірлесіп, тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа “Нөлдік төзімділік” қағидатын түсіндіру бойынша жұмыстар атқаруда. Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері ауданның бастауыш партия ұйымдарының қадағалауында. “Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел!” акциясы аясында аудан аумағында 65 іс-шара ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, филиал мүшелері мемлекеттік органдар жүзеге асыратын халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобалардың өткізілуіне атсалысуда. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 14 адамнан тұратын мобильдік топ құрылған болатын. Аталмыш топ былтыр ауылдық округтерге 12 рет шығып, 24 елді мекенді аралап, 1270 адамды қамтыған кездесулер өткізді.

2020 жылға дейін мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 80 пайызын автоматтандыруға қатысты мониторинг жүргізу, әлеуметтік маңызды қызметтерді “электронды үкімет” және “электронды әкімдік” аясында толық электронды форматқа ауыстыру мақсатында мемлекеттік орган басшыларының тұрақты түрде есеп беру тәжірибесі енгізілді.

Мәслихаттың “Нұр Отан” партиясы фракциясының депутаттары мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлу мәселесіне қатысты рейдтік тексеру жүргізеді. Осы орайда, Талшық ауылындағы жатақхана мен Ленинград ауылындағы екіқабатты тұрғын үй тексеріліп, нәтижесі бойынша ұсынымдар әзірленді.

Тоқсан сайын партия филиалының диалог алаңында қоғамдық қабылдау жетекшісі азаматтардан түскен өтініштер мен шағымдар жайлы мәлімет береді. Өтініштерді қабылдау үшін сенім телефоны да жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты өтініштер түскен жоқ.

Этикалық стандарттау мен қызметтік этика талаптарына қатысты сыбайлас жемқорлық фактілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес, партиялық бақылау және аудандық әкімдіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялары қарастырады. Заң бұзушылық тіркелген еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіледі. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын бұзған партия мүшелері мен мемлекеттік орган қызметшілеріне қатысты іс партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында қаралады. 2014-2015 жылдары үш мемлекеттік қызметші мен партия мүшесіне қатысты іс қаралса, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар үшін партияның екі мүшесі жауапкершілікке тартылып, біреуі партия қатарынан шығарылды.

Айбек ХОРШАТ,

“Нұр Отан” партиясы Ақжар аудандық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика