АҚТӨБЕЛІК АЛАЯҚ

Әлеуметтік желі парақшасында асыл тұқымды күшіктерді арзан бағамен сататыны жөнінде жалған хабарлама жариялаған алаяқ анықталды.

Желідегі жарнаманы көрген петропавлдық азамат сатушыға хабарласады. Өзара келісіп, алдын ала төлем жасап, күшікті пойыздан жолсерік арқылы жеткізуін күтеді. Бірақ соңынан “сатушының” телефонына хабарласа алмай дал болады. Арамдығы іске аспаған күдіктінің Ақтөбе облысының тұрғыны екені анықталды. Оның осындай 11 интернет-алаяқтыққа қатысы болуы мүмкін. Ол асылтұқымды күшіктерді сатылымға қойып, алдын ала төлем бағасын 30 мыңнан 80 мыңға дейін белгілеген. Оның құрбанына айналғандардың дені – Елорда тұрғындары. “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іске қатысты құжаттар Астана қаласының ішкі істер департаментіне жіберілді. Күдікті 4 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 13 интернет-алаяқтық фактісін ашқан.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика