10 МИНУТТА ҰСТАЛДЫ

Облыс орталығындағы 20-шағынауданда салынып жатқан мешіттің ауласынан құрылыс материалдары ұрланды. Полиция қызметкерлері 10 минут ішінде күдіктіні анықтады.

Қылмыс жайында “Көршілер бақылауы” бағдарламасының 61-20-02 сенім телефоны мен барлық көлік жасақтарына хабар таратылды. Оқиға орнына бірден жеткен учаскелік полиция капитаны Анатолий Колыванов пен аға лейтенант Нұрлыбек Кубенов құрылыс компаниясының жұмысшылары мен жақын маңда орналасқан теміртерсек қабылдау пунктінде сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлердің суреттеуі бойынша күдіктіні бірден анықтады. Ол алкогольдік ішімдікке әуес 44 жастағы петропавлдық болып шықты. Күдікті кінәсін бірден мойындады. Қолды болған заттар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері “Көршілер бақылауы” алдын алу бағдарламасы бойынша полицияға 733 қоңырау келіп түскен. Оның 68-інде ақпарат расталмай, 39-ында кеңестер берілді. Бұдан бөлек 96 әкімшілік құқық бұзушылық, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуға қатысты 2 факті және елде тіркеусіз тұрған 30 азамат анықталды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика