ІЗШІЛ ИТТЕРДІҢ КӨМЕГІ

Солтүстікқазақстандық полицейлерге Ройс есімді қызметтік ит екі айда алты қылмысты ашуға көмектесті. Соның бірі – Жамбыл ауданының 45 жастағы тұрғынының өліміне қатысты оқиға. Күдіктінің ізіне түскен қызметтік ит тәртіп сақшыларын оның үйіне алып келді. Ауылдасымен бірге спирттік ішімдік ішіп, кейін оны өлтіргені белгілі болған 36 жастағы азамат бүгінгі күні жазасын өтеп жатыр.

Есіл ауданында ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін ұрлау фактісі Ева есімді неміс овчаркасының көмегімен ашылып, 26 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Полицейлердің жанына ерген қызметтік итті көрген кейбір қылмыскерлер кінәсін бірден мойындап жатады. Аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан күдікті үйін тінтуге барған тәртіп сақшыларының жанындағы қызметтік итті көріп, 174 грамм героинді өз еркімен тапсырды.

Айта кеткен жөн, облыстық полиция қарауындағы 50 қызметтік ит жыл басынан бері 200-ден астам құқық бұзушылықты ашуға көмектесті.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика