ҚҰМАР ОЙЫН – ҚАСІРЕТ

Петропавл қаласындағы “Океан” сауда үйіне кіре-беріс жерде “Шығыршық” құмар ойынын ұйымдастырған ер адам жазаға тартылды.

Ол белгіленбеген орында әрі арнайы рұқсаты жоқ бола тұра құмар ойын ұйымдастырып, заңсыз жолмен ақша мен зат түрінде ставка қабылдаған. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп тауып, мемлекет қазынасына 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 481 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Ал ойынға арналған жабдықтар тәркіленді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика