ЕЛІНЕ ЕСІРТКІМЕН ҚАЙТҚАН

Жексенбі күні “Қызылжар” шекара бақылау бекетінен өз еліне ірі көлемдегі есірткі затын алып өтпекші болған ресейлік азамат ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2032 әскери бөлімінің қызметкерлері берген ақпаратқа сүйенсек, 1965 жылы туған ер адам жалпы салмағы бір килограмм болатын есірткіні жасырған екен. Алайда, жолаушыларды тексеру барысында қызметтік ит есірткі тасымалдаушының жолын кесті. Күдікті қамауға алынды. “Жыл басынан бері біздің бекетте осымен екінші рет осындай қылмыстың беті ашылып отыр”, – дейді шекара қызметкері Сәбит Нұрланов.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика