СТУДЕНТТІ САН СОҚТЫРДЫ

Жыл басынан бері өңірде 13 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мұндай қылмыс үшін заңнамада 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Петропавлдық студент “ВКонтакте” әлеуметтік желісі арқылы курстық жұмыс сатып алмақ болған. Сатушы әйелмен келісіп, шотына бес мың теңге аударады. Осыдан кейін алаяққа не ұялы телефонына, не әлеуметтік желі арқылы хабарласа алмаған. Келтірілген шығын көлемінің аздығына қарамастан, бойжеткен полицияға арыз жазуды жөн көрген. Өйткені, жәбірленуші сатушыға өзінің ақша аударғандығын растау үшін түбіртектің суретін түсіріп жіберген.

Тәртіп сақшылары түбіртек, чек, жеке басын куәландыратын құжатты суретке түсіріп, бөгде адамға жіберуге болмайтынын ескертеді. Бұл құжаттар арқылы алаяқ сіздің жеке және қаржылық мәліметтеріңізге қол жеткізе алады.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика