ПАРА АЛУ — КҮНӘ

Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті, қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен “Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті.

– Бүгінгі шара “Азаматтық бақылау” жобасы аясында өтуде. Биыл бұл жобаны “Ассамблея” корпоративтік қоры” жүзеге асырады. Өркениет тарихында діни қағидаларға негізделіп келген моральдық нормалар тұлғаның қалыптасу жолында аса маңызды рөл атқарады. Моральдық ұстанымдар сыбайлас жемқорлыққа деген қоғамның көзқарасын өзгертеді, – деді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев жаман әдетке төтеп берудегі азаматтық қоғамның рөлі жайында баяндай келіп, барлық діни конфессиялар өкілдерін өз уағыздары мен лекцияларында азаматтарды адал және жауапты болуға, ақшақұмарлыққа беріліп кетпеуге шақыруды сұрады.

Мамлют ауданының бас имамы Салахитдин Мухитдинов пара беру мен оны алу ислам дініндегі үлкен күнәлардың бірі екенін айтып, сөзін мысалдармен өрнектеді.

– Бұл дертпен мемлекеттік құзырлы органдар ғана емес, барша қоғам бірігіп күресуіміз қажет. Ынтымақтастыққа әрдайым дайынбыз, – деді христиан шіркеуінің дінбасшысы Михаил Березин де имамды қолдап.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика