ІНДЕТПЕН КҮРЕС

Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгіндері маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Оларға жастайынан “бармақ басты, көз қыстылықтың” әлеуметтік індет екенін жеткізу жамандық атаулыны түбімен жоюға септігін тигізбек. Осы мақсаттағы кезекті шара М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжде өтіп, өңір жастары “Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті” атты дебат турнирінде бақ сынады.

– Шараның басты мақсаты өскелең ұрпақ арасында мемлекеттік қызметті еліміздің мақсаттары мен басымдықтарын іске асыруға бағытталған ең маңызды институт ретінде таныту болып табылады. Оларды болашақта еліне адал еңбек етуге шақырмақпыз. Оны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен “Ассамблея” корпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырып отыр, – деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басқармасының басшысы Серік Айдарбеков.

Дебатқа Назарбаев Зияткерлік мектебі мен әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушыларынан, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Петропавл құрылыс-экономикалық және кәсіптік, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждерінің студенттерінен құрылған 12 топ қатысты. Үш кезеңнен тұрған жарыс барысында оларға жемқорлыққа қатысты түрлі тапсырмалар мен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылды.

Дебат турнирінде бірінші және екінші орындарды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иеленсе, үшінші орын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттеріне бұйырды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика