АЙРАНДАЙ ТӨГІЛГЕН АБЫРОЙ

Еліміздің үлгі тұтар “100 жаңа есім” тізіміне енген жерлесіміз, облыстық мәслихаттың депутаты Рашбиль Евдаев әріптесін балағаттағаны үшін сот алдында жауап беретін болды.

Үстіміздегі жылдың 4 мамырында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында өткен шарада емен-жарқын әңгіме мен пікір алмасудың аяғы жанжалға ұласады деп кім ойлаған?! Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының баяндамасы аяқталған соң, “Арго” грузин орталығының төрағасы Омари Харбедия сөз алып, депутаттардың құқықтарына қатысты өз ойын ортаға салады. Оған қарсы бетте отырған “Солтүстік Қазақстан облыстық еврей мәдени орталығы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаев бұл сөздерді жеке басына бағытталған деп қабылдаған сыңайлы. Жиын аяқталып, департамент басшысы шығып кетісімен, ол әріптесіне дүрсе қоя береді.

“Ассамблеяның барлық мүшелерінің алдында Рашбиль Евдаев маған балағат сөздермен тіл тигізді. Ар-намысым мен абыройыма нұсқан келтірді”, – делінген Омари Харбедияның Петропавл қалалық сотына жолдаған арызында.

Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов Рашбиль Евдаев Омари Харбедиядан кешірім сұрағанын айтады. Алайда, жәбірленуші халық қалаулысы өзінің депутаттық өкілеттілігінен бас тартқан жағдайда ғана кешірімді қабылдайтынын мәлімдеген. Мұндай талапты күтпеген Р.Евдаев бизнесменге тағы да көпшіліктің көзінше тіл тигізген.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика