ОРЫНДЫ ТАЛАП ЕСКЕРІЛДІ

Петропавлда облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен бетон зауыты жабылды.

“Ударник СК” кәсіпорнынан шыққан шаң мен үздіксіз шудан мезі болған Базарбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің тұрғындары 2015 жылдан бері облыстық экология департаментіне шағым түсіріп келген еді. Тексеріс жұмыстарын қолға алған құзырлы орган қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінде бірқатар олқылықтарды анықтағанымен, зауыт ескертулерді елемей, жұмысын жалғастыра беріпті. Сөйтіп, бір жыл бойы рұқсатсыз жұмыс істеген. Кейін тұрғындардың дабыл қағуымен тоқтатқан екен. Көп ұзамай барлық құжаттарды ретке келтіріп, қайтадан өндірісін жандандырған. Кәсіпорынның қызу жұмысын байқаған тұрғындар тағы да құзырлы органның көмегіне жүгінеді.

– Өткен жылдың қараша айында экология департаментіне тұрғындардан қайта арыз түсіп, оның шеңберінде жоспардан тыс тексеріс жүргіздік. Санитарлық қорғау аумағы – 45 метр болуы шарт. Ал тексеріс кезінде зауыттан ең жақын орналасқан тұрғын үйге дейінгі аралық 31 метр ғана. Барлық қажетті құжатты жинастырып, ауданаралық әкімшілік сотқа материалдарды тапсырғаннан кейін, Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің 332-бабы негізінде кәсіпорынға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, өз жұмысын тоқтатты, – дейді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Бектасов.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика