ПАРАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне ерекше назар аударылып, “бармақ басты, көз қыстылықты” азайту, оны түп-тамырымен жою бойынша қоғамдық және саяси ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Яғни, сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған.

Осы орайда, облыстық жер инспекциясы басқармасында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, басқарма басшысы былтыр және биылғы бес ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша аппараттық кеңестерде қызметкерлермен 31 рет әңгіме жүргізді.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда көрсетілген мәселелер бойынша есепті кезеңде басқармада 16 дәріс өткізілді. Басқарма басшысы үстіміздегі жылы “Мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет” тақырыбында біліктілікті жетілдіру бойынша курстан өтті. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын бұзу фактілерін хабарлау туралы ақпарат қабылдау үшін сенім телефоны мен азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ, басқарманың электронды поштасы, веб-сайты тоқсан сайын облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұратынын да айта кеткеніміз жөн.

Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша ұйымдастырылып жатқан шаралар басқарма қызметкерлерін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы “нөлдік төзімділік” мәдениетін қалыптастыруға және оны түп-тамырымен жоюға бағытталған.

Гүлдана САҒДЕЕВА,

облыстық жер инспекциясы басқармасының бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика