ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта құқықтық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады.

Жоғарғы соттың “Үлгілі сот” бағдарламасын жүзеге асыру аясында қолға алынған фронт-офистің ашылу салтанатына облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов қатысты.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы кикілжіңдерді азайтуды тапсырған болатын. Ең әуелі халықтың игілігі үшін ашылған орталық мәселені татуластыру рәсімдері арқылы шешіп, сотта қаралатын істердің санын қысқартуға мүмкіндік береді, – деді Ерлан Жұмаханұлы.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Бауыржан Жайжұмановтың айтуынша, фронт-офистің негізгі мақсаты – халықтың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арт­тыру, сонымен қатар әкімшілік және бюрократиялық ке­дергілерді жою. Азаматтардың арыз-шағымдарын уақтылы әрі тиімді шешу үшін мекеменің жұмысына тәжірибелі адвокаттар, медиаторлар және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері тартылады. Олар азаматтарды қа­был­­дау бары­сында істерді сұрату, процес­суалдық шешімдердің заңдылығын тексеру, сонымен қатар өтінішті “Элек­тронды үкімет” порталы арқылы құзырлы органдарға жолдау мүмкіндігіне ие. Оған қоса, тұрғындар мұнда Сот кабинеті сервисі арқылы сот барысын бақылай алады. Кабинеттердің қабырғалары ашық түстерге боялған, орталық заманауи инженерлік-техникалық жабдықтармен, электрондық кезек жүйесімен, өз-өзіне қызмет көрсету секторы – “Connection Point”-пен, сондай-ақ, күту залы, мемлекеттік баж салығын төлеуге арналған терминал және өзге де қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика