ҚҰНЫҚҚАНДАР ҚОЛҒА ТҮСТІ

Облыс полицейлеріне Петропавл қаласының үш тұрғынының ірі көлемде есірткі сатумен айналысып жүргені туралы жедел ақпарат түскен болатын. Күдіктілерді іздестіру барысында олар Интернационал және Театр көшелерінің қиылысында ұсталды.

Тәртіп сақшылары олардың көлігін тінту кезінде автокөліктегі сөмкеден 4 килограмм 975 грамм белгісіз ақ зат салынған “Лавр жапырағы” дәмдеуішінің қаптамасын тапқан. Сараптама оның есірткі екенін көрсетті. Бұл өте ірі көлемдегі есірткі болып есептеледі және ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Күдіктілер қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Ал іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, есірткінің облыс аумағына қайдан әкелінгені анықталуда.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика