НАЗАРДА — САЯЖАЙЛАР

“Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің мамандары саяжайларда рейдтер жүргізді.

Қылмыс және құқық бұзушылықтарды жасауға бейім азаматтарды, әсіресе, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды, сонымен қатар қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауға бағытталған шараға қырыққа тарта тәртіп сақшысы тартылды. Олар отыз саяжай серіктестігін тексеріп шықты. Учаскелік инспекторлар бағбандармен кездесіп, қоғамдық тәртіпті нығайту, құрал-саймандар мен күзгі өнімдерді ұрлаудың алдын алу шараларына түсіністікпен қарап, мүмкіндігінше атсалысуға шақырды. Полицейлермен бірге мұндай іс-шараға саяжай серіктестіктерінің төрағалары да қатысты.

Рейд өткен екі күн ішінде саяжай қауымдастықтарының аумағында 32 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Саяжайда тіркеусіз және жеке басты куәландыратын құжатсыз тұрып жатқан 17 адам анықталды. Сонымен бірге абаттандыру мен үй жануарларын асырау ережелерін бұзу фактілері де кездесті.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика