КІНӘЛІ ӘЛІ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Газетіміздің 18 қыркүйек, 2018 жылғы санында “Ударник” түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатқаны жайлы жазған болатынбыз. Оқиға орнынан бой жасырған ер адам әлі табылған жоқ. 

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мамандары бұл үшін тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын айтты. Ойын-сауық кешеніндегі бейнекамералардың көмегімен күдіктінің аты-жөні белгілі болды. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздардың бірінің жағдайы бірқалыпты. Алайда, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика