СОҢҒЫ АМАЛ — СОТҚА ЖҮГІНУ

Жұмысының ақысын ала алмаған жеке кәсіпкер Сергей Кудинов облыстық кәсіпкерлер палатасына шағымданып, бұл іс кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте қаралды.

Кәсіпкер тапсырыс бойынша М.Жұмабаев көшесі, 113 мекен-жайындағы үйдің, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттардың аулаларына хоккей қорапшалары мен тренажерлер орнатып берген екен. Бұл жұмыстарға Сергей Кудинов 7 270 000 теңге өз қаражатын жұмсаған. Бастапқыда оған қаржының бір бөлігі, яғни 1 947 500 теңге төленген. Ал қалған қаржыны кәсіпкер мен Петропавл қаласын дамытуға көмек көрсету қорының арасындағы келісімшартқа сәйкес 2016 жылдың 20 мамырына дейін алуы керек еді. Қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін қалған бөлігі кәсіпкердің есепшотына түсуі тиіс болатын. Алайда, актіге қол қойылғанымен, кәсіпкер қаражатты әлі күнге дейін ала алмай келеді.

– Осы мәселе былтырғы кеңесте де қаралған болатын. Онда Петропавл қаласын дамытуға көмек көрсету қорының өкілдері кеңес мүшелері мен кәсіпкерге жарты жыл ішінде толық соманы төлейтінін айтып сендірген еді. Алайда, одан бері де тоғыз ай өтті. Кәсіпкерге 500 мың теңге ғана төленді, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Айдос Кеңбейілов.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиевтің айтуынша, қордың өкілдері бұл жолы кеңеске келіп, жағдайды түсіндірмек былай тұрсын, ресми хатқа да жауап бермеген. Енді кеңес мүшелері сотқа шағымданып, “Кудинов” жеке кәсіпкерлігінің мүддесін сот арқылы қорғау туралы шешім қабылдады.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика