ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН ОБЛЫС

Үстіміздегі жылдың сегіз айында Қазақстанда 813 адам жемқорлық фактісімен жауапқа тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады.

Ресми өкілдің айтуынша, биыл сегіз ай ішінде елімізде 1393 жемқорлық қылмысы тіркелген. Олардың басым бөлігі, атап айтқанда, 112-сі елордада анықталған.

– Өйткені, мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі Астанада тұрып, жұмыс істейді. Бұл жерде барлық мемлекеттік органдар шоғырланған. Мұнан кейінгі орында Қостанай мен Түркістан облыстары тұр. Бұл өңірлерде жасалған жемқорлық қылмыстар сәйкесінше 109 және 108-ді құрайды. Жемқорлықтың ең төменгі деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Аталған өңірде сегіз айдың ішінде мұндай 52 құқық бұзушылық орын алған, – деді ол.

Оның дерегінше, жемқорлық фактісі үшін жауапқа тартылған 813 адамның 653-і – еркек, 160-сы – әйел. “Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін республикалық деңгейдегі – 19, облыстық деңгейдегі – 62 және аудандық деңгейдегі 115 басшы жауапкершілікке тартылды”, – деді Жанна Бастарова.

Сонымен қатар ресми өкіл сегіз айдың ішінде Ұлттық бюро 400-ге жуық бизнестің құқығын қорғағандығын атап өтті.

Марлан ЖИЕМБАЙ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика