САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында өткен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында “Электронды қылмыстық іс” жобасын жүзеге асыру, заттай дәлелдерді сотқа дейін сақтау мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына сәйкес қылмыстық сот өндірісін кезең-кезеңмен электронды жүйеге көшіру көзделген. Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық қудалау органдары жыл басынан бергі 8 ай ішінде 242 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша істі тергеуді электронды форматта жүргізген (210-ы аса ауыр емес қылмыс бойынша, 32-сі орташа ауыр және 1-і ауыр), бұл тергеу жүргізілген құқық бұзушылықтардың жалпы санының 4,7 пайызын құрайды (республика бойынша 2,9 пайыз). Осы уақыт аралығында 166 іс сотқа жіберіліп, оның 153-і қаралды, бір іс бойынша үкім апелляциялық тәртіппен қайтадан қаралды.

Үйлестіру кеңесінің отырысында өкілетті мемлекеттік органдарға электронды қылмыстық істерді жүргізу бойынша ақпараттық есеп құжаттарының нақтылығы және уақтылы түсуі үшін техникалық құралдар сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуларды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылды.

Облыс прокуроры Берік Асылов “Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі” ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне назар аударып, сонымен бірге адвокатура өкілдерін және қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды жаңа цифрлық технологияларды игеруге шақырды.

Сонымен қатар кеңес отырысында сақталуы материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдерді сотқа дейін сақтауда туындайтын проблемалық мәселелер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы №1291 “Сот, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы” қаулысын қолдану тәжірибесі талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар жасалды.

Гүлмайра КЕНЖЕБОЛАТОВА,

облыстық прокуратура аппаратының бас маманы.

 

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика