ЕССІЗДІККЕ ҰРЫНДЫРҒАН ЕСІРТКІ

Облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің қабырғаларына есірткі саудалап, синтетикалық психобелсенді заттарды тарататын сайттардың атауы бар граффити суреттер салған азамат ұсталды. Есірткіге тәуелді 22 жастағы келіншектің бұл әрекеті жөнінде полицияға қала тұрғындары хабарлаған.

– Мұндай жазбаларды дереу полицияға хабарлап, жою керек. Пәтер иелері кооперативтері бұл бағытта жұмыс істегенімен, қоғам тарапынан да белсенділіктің маңызы зор, – дейді облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 400 килограмм есірткі, соның ішінде 5 килограмнан астам наша және 1,5 килограмм синтетикалық есірткі тәркіленді. Полицейлер улы затты таратумен айналысқан елуден астам сайтты анықтап, олардың жұмысын тоқтатты.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика