ЕЛІК АТЫП, ЕЛІРГЕН

Өткен аптада солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары алты марал атып алған браконьерлерді анықтаған болатын. Енді Жамбыл ауданында төрт сібір елігін атқан тағы екі адам қолға түсті.

Благовещенка ауылындағы бейнебақылау камераларына тіркемелі автокөліктің қоқыс тастайтын жерге қарай бет алғаны жазылып қалған. Полицейлер күдіктілерді осы бейнежазбалар арқылы анықтады. Олардың бірі рұқсат қағазынсыз аң аулауға шығып, екі елік атып, олжасын үйіне апарған. Осыдан кейін 21 жастағы ауылдасына осы “ерлігін” айтып мақтанады. Келесі күні оның қылмысын жолдасы да қайталаған.

Күдіктілерден “ИЖ-43М” және “Sarsilmaz SA-Х700” мылтығы оқ және заңсыз аулаған аңдардың еті тәркіленген. Күдіктілер осыған дейін қаруды сақтау және тіркеу ережелерін сақтамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуі аң аулау ережесін де бұзған екен. Енді бұл қылмыстары үшін олар екі мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.

 

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

 

 

Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатта шинкиокушинкай каратэден қалалық ашық біріншілік өтті. Оған облыстық кудо федерациясы, жергілікті каратэшілер, Көкшетау және Ресейдің Ишим қаласынан келген 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыстың салтанатты ашылуы барысында облыстық шинкиокушинкай каратэ федерацияның президенті Руслан Сәрсенбаев спорттық шараның жас ұрпақтың саламатты өмір салтын берік ұстануға деген құлшынысын оятуда зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол қоғамдық бірлестіктің үйірмелерінде жаттығатын 200-ден астам каратэшінің қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.

Біріншілік барысында қатысушылар бес жас ерекшелігі және сегіз салмақ бойынша сынға түсті. Тартысты өткен жарыстың қорытындысында жерлестеріміз Ернұр Төлеңгіт 20 килограмм салмақта қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, бірінші орынды олжалады. Никита Савица 23 килограмм салмақта топ жарса, Расул Мейрамов 40 килограмм салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ал 45 килограмм салмақ дәрежесінде Диас Кенжетаевқа тең келер қарсылас болмады.

Аталмыш шара аясында шинкиокушинкай каратэ бойынша өңіріміздің аға жаттықтырушысы Данияр Қаппасов III данға ие болды.

Сайыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Дулат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика