АЛҒАШҚЫ ФРОНТ-ОФИС

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының ғимаратында облысымыздағы полиция бөлімшелерінің алғашқы фронт-офисі ашылды.

Келушілерді басқарманың бірінші қабатында орналасқан жайлы залда полиция қызметкерлері қарсы алады. Мұнда ыңғайлы орындықтар, телевизор қойылған, интернет желісі тартылған. Осызаманғы талапқа сай жабдықталған фронт-офисте төлем жасауға арналған және “Электронды үкімет” бағдарламасы енгізілген терминалдар бар. Сондай-ақ, фронт-офиске келушінің полиция қызметкерімен әңгімесі жазылатын бейнебақылау камерасы орнатылған.

– Полиция қызметінің ашықтығын, азаматтарды қабылдау кезінде қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында біз жұмыстың тың тәсілдерін қарастырудамыз. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында тұрғындармен жұмыстың осызаманғы жаңа форматтарын енгізу, полиция қызметінде сервистік модельге көшу міндеттерін жүктеген болатын, – деді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал- майоры Берік Біләлов.

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасына күн сайын жүзден астам адам келеді. Олардың басым бөлігі лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, әкімшілік практика, қылмыстық істі тергеу мәселелері бойынша жүгінеді. Жасалған қылмыс пен құқық бұзушылық туралы арыз-шағым айтушылар да аз емес. Фронт-офис алаңында жергілікті полиция, әкімшілік полиция, құжаттық қамтамасыз ету бөлімінің инспекторлары, тергеушілер мен анықтаушылар келген адамдарға түсініктеме береді. Тиісті бөлімшелердің қызметкерлері өтініш берушімен тікелей жұмыс істегендіктен, оны қарау мерзімі айтарлықтай қысқарады. Соның нәтижесінде қаралатын мәселені ашық және жедел шешуге мүмкіндік туады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтады.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика