ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам мен мемлекетіміздің өміріндегі өзекті проблема. Оған қарсы тұру – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың ең маңызды ұстанымдарының бірі ретінде қаралады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ, осындай құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті тиісті органдармен бірлесіп, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға қатысты облыс аумағында 3498 іс-шара өткізіліп, оларға 133 мыңнан астам адам қатысты. Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының мамандары жыл басынан бері елді мекендерде мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға үйрететін 357 оқыту семинарын өткізді. Петропавл қаласы мен аудан әкімдіктерінің қолдауымен департамент биыл мемлекеттік қызметтің жәрмеңкесін он алты рет өткізді, оған үш мыңнан астам адам қатысты. Департамент қызметкерлері мемлекеттік қызметтің сапасына арыз-шағым түсіру және оны электронды түрде алу туралы сегіз тақырыпта тоқсан мың ақпараттық кітапша таратты. Облыс аумағында мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбында 15 баннер, 6 пилон мен 3 билборд орнатылған. Жүргізілген ақпараттық жұмыстардың нәтижесінде электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің саны өсіп келеді.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл орайда мемлекеттік қызметке жылдам әрі тиімді қол жеткізу үшін толық электрондық форматқа көшіру керек. Ол мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. “Электронды үкімет” порталын көпшілікке тарату мақсатында департамент “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиалымен бірлесіп “Электронды үкімет” порталын көпшілікке таныстыру жұмыстарын жалғастыруда. Мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, білім беру саласының, денсаулық сақтау, өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында семинарлар, “дөңгелек үстелдер” өткізілді. Департамент жанында жұмыс істейтін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қосатын үлесі зор. Құзырлы органдарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманың сапасын жақсарту, жетілдіру, қоғамдық мониторингті ұйымдастыру ұсыныстарын енгізу осы бағыттағы негізгі әдістердің бірі болып табылады.

Әсел ӘУБӘКІРОВА,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика