ТҮЗЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРМЕК

Қазіргі уақытта жасалып жатқан айыппұлдар бойынша эталондық база сот орындаушыларының ақпаратын түзетуге мүмкіндік береді. Себебі, бүгіндері айыппұлдар төленсе де, көптеген тұрғындарға сот орындаушылары қаулыны орындауды талап етіп, келіп тұратын жағдайлар жиі кездесуде. Бұл туралы “Фейсбуктегі” парақшасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді.

– Бұрын төленген айыппұлдар бойынша сот орындаушыларының келіп жататыны туралы азаматтардың шағымдарын жиі кездестіруге болады. Осы себепті біз материалдардың шынайылығына сот орындаушыларының статистикалық ақпаратын жан-жақты тексеруді бастадық. Нәтижесінде, атқару істері үшін әкімшілік полициядан сот орындаушыларына төленген айыппұлдар бойынша 52 мың материал жіберілгені анықталды. Бұл өз кезегінде айыппұлды бекітілген тәртіпте төлеген еліміздің 52 мың азаматына сот орындаушылары келетінін білдіреді, – деді Бағдат Мусин.

Енді айыппұлдар бойынша туындаған мәселелер жайлы әлеуметтік желілердегі “Штрафы KZ” парақшасында жазба қалдыруға болады.

Руслан ҒАББАСОВ.

Add comment


Security code
Refresh

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.