ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жергілікті полиция қызметінің басты міндеті қоғам тыныштығын күзету, жол қауіпсіздігін сақтау, қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Алкоголизм, есірткімен күрес, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мен тағы басқа мәселелер бойынша жергілікті полиция қызметкерлері кешенді жұмыс жүргізуде. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарында тоқсан сайын тұрғындармен кездесу өткізіп, ахуалды жіті бақылауда ұстайтыны туралы айтқан облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының уақытша міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиев кеше өткен облыстық қоғамдық тыңдау барысында 2017 жылдың қорытындысы мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 49

ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Өңірімізде тіркелген барлық қылмыстардың 60 пайызы ұрлыққарлыққа қатысты. Облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс кеңесі өтіп, онда тәртіп сақшылары мен жергілікті атқарушы биліктің өкілдері пәтер тонайтындар мен мал ұрлаушыларға қарсы іс-шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев пен Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысты.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 41

ЕСЕПТЕ ТҰРМАҒАНДАР ГРАНТ АЛА АЛМАЙДЫ

Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына ақпарат ұсынбаған ұйымдар бұдан былай мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен сыйлықақылардан қағылады және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алуға арналған конкурсқа да қатыса алмайды. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті хабарлады.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 50

ҚЫРҒЫЗСТАННАН ҚЫЗЫЛЖАРҒА ҚАШЫП КЕЛГЕН

Қырғызстан Республикасының 37 жастағы азаматы өз елінде жасалған ірі алаяқтық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен іздестіріліпті. Алдымен Алматы қаласына тоқтаған ол кейін Солтүстік Қазақстан облысына жол тартуды көздепті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 50

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бастамасымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының өңіріміз бойынша жүзеге асырылуына ішкі талдау мен бағалау жүргізетін арнайы мониторинг тобы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 51

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика