СТУДЕНТТІ САН СОҚТЫРДЫ

Жыл басынан бері өңірде 13 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Мұндай қылмыс үшін заңнамада 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 41

“ТҮНГІ СОТТЫҢ” ТИІМДІЛІГІ КӨП

“Түнгі соттар” қанатқақты жобасы азаматтардың құқықтарын қорғау, сот ісін жүргізуді жылдамдату мен жеңілдету мақсатына негізделген. Жоба тиімділігін талқылаған ел судьялары, адвокаттар, прокуратура, ішкі істер қызметі мен сақтандыру компанияларының өкілдері бастаманы бірауыздан қолдап отыр.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 25

ЕЛІНЕ ЕСІРТКІМЕН ҚАЙТҚАН

Жексенбі күні “Қызылжар” шекара бақылау бекетінен өз еліне ірі көлемдегі есірткі затын алып өтпекші болған ресейлік азамат ұсталды.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 18

КӨП МҮМКІНДІККЕ ЖОЛ АШАДЫ

Еліміздің Негізгі Заңында әр азаматтың білікті заң көмегін алу құқығы бар екені атап көрсетілген. Сол құқықты қамтамасыз ету үшін Әділет министрлігі 20 жыл бұрын қабылданып, осы күнге дейін еш өзгеріс енгізілмеген қолданыстағы “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының негізінде “Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Заң жобасын әзірледі.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 23

ЖҰРТТЫ ДҮРЛІКТІРДІ

Өткен жексенбі күні “102” нөміріне облыс орталығындағы “Сокол” сауда үйінде жарылғыш зат бар екені жайында хабар түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, прокуратура және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері, жедел жәрдем келіп, жиырмадан астам адам сыртқа шығарылды. Алайда, тексеріс барысында дүкеннен жарылғыш немесе басқа да күмән тудыратын заттар табылмады. Терроризм актісі туралы жалған хабар берді деген күдікпен 51 жастағы петропавлдық әйел қамауға алынды. Супермаркеттің жұмысын бір сағатқа тоқтатқан оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол кінәсі дәлелденсе, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

  • Автор: Super User
  • Қаралды: 32

Біздің мекенжайымыз: 150000. Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, К.Сүтішев көшесі, 7-үй. Газет поштасы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Яндекс.Метрика