«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АБАЙЛАҢЫЗ, ПОЙЫЗ!”

Осындай атаумен Петропавл стан­циясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті жедел алдын алу шарасын өткізді.

Көп жағдайда балаларын жетектеген ересектер темір жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтетініне жиі куә болып жүрміз. Ата-анасының әрбір әрекеті – бала үшін үлгі. Сондықтан баласын дұрыс тәрбиелеп қана қоймай, жол сілтеп, жөн көрсететін, қауіпсіздік ережесін де үйрететін ата-ана. Қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында Петропавл, Смирнов, Мамлют және Булаев станцияларындағы темір жол вокзалдарында пойыздарға өтетін жолда “Пойыздан сақтан!”, “Өзіңді сақта!” сияқты белгілер қойылған. Алайда, бұл сөздердің мағынасына мән беріп жатқандар аз. Сон­дықтан станциядағы әкімшілік полиция бөлімшесі қызметкерлері сол аумақта “Пойыздан сақтан!” акциясын жылына төрт рет өткізуді дәстүрге айналдырған. Акция аясында қызметкерлер жолаушыларға жадынамалар таратып, темір жолдың қаупін тағы бір мәрте ескертті.

Абзал РАХИЕВ,

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полицияның аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp