«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде өткен іс-шараны ашқан музей директоры Аян Садаев Абылайдың ақ туының жәдігерлер қатарынан орын алуы мәдениет ордасына келушілерді елжандылыққа, отансүйгіштікке баулитынын жеткізді. Қалалық ардагер­лер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин, Ұлттық ұлан академиясының профессоры Жанбатыр Сартаев, жазушы, журналист Жақсыбай Самрат бұл айтулы шараны тарихи сәт деп бағалады.

– Абылайдың туы жайында деректер тарихшылар арасын­да біраздан бері талқыланып келеді. Биыл табылған тарихи деректерге, нақты айтсақ, Шо­қан Уәлихановтың, белгілі та­рихшы Құрманғали Халидидің “Бес тарих”, тарихшылар Т.Сұл­танов, М.Тұяқбаевтың ғылыми еңбектеріне сүйене отырып және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ғылыми қыз­меткерлерімен бірге талқылау нәтижесінде Абылай хан туының жинақы бейнесі бекітілді. Тудың алғашқы нұсқасы қазір Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Тәуке, Есім хандардың туымен қатар тұр, – дейді музейдің тарих бөлімінің қызметкері Ба­уыржан Жүнісов.

Тарихшылардың айтуынша, Жошы ұрпағынан тараған қазақ хандары негізінен қызыл ту ұс­таған, кейін Шығай ханның үл­кен ұлы Ондан дербес бөлініп, ақ ту ұстаған. Оның ұрпақтары да ақ түсті туды көтерген. Болат хан кезінде ұлы Әбілмәмбетке қызыл туды беріп, Абылайға көк туды ұстатқан. Кейін Абылай хан сайланғанда Әбілмәмбет­тің қызыл туын, Шығай ұрпағы Онданның ақ туын, Болат ханның өзіне ұсынған көк туын біріктіріп, үш түсті ту көтерген.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp