«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автопарк жаңа көліктермен толықты

Облысымыздағы полиция бөліністерінің автопаркі қызметтік көлікпен толықты. Кезекші бөлімдер мен уақытша қамауда ұстау оқшаулағыштарының жұмысына арналған он бір жаңа автокөліктің кілті аумақтық бөліністердің қызметкерлеріне табыс етілді. Қызметтік көліктердің басым бөлігі аудандық полиция бөлімдеріне жіберіледі.

-Бүгінгі іс-шара Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысының шешімін іске асыруға бағытталған. Күшейтілген автопарк шақыртуларға уақтылы шығуға, әсіресе, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту кезеңінде халыққа дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Биыл өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде біздің автопарк сатып алынған қырықтан астам қызметтік автокөлікпен толықты, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.
Төрт «ГАЗ 2705» автокөлігін айдауылдау қызметі взводы, Петропавл қалалық және Тайынша аудандық полиция бөліністері уақытша қамауда ұстау оқшаулағышының қызметкерлері алды. Бұл жабдықталған автокөліктер қылмыс жасауда күдікті және айыпты адамдарды тасымалдауға арналған. Айыртау, Уәлиханов, Мамлют пен Шал ақын, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандардың полиция бөлімдеріне жаңа «УАЗ 3909» көлігі бөлінді.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp